Алла маған тағы өмір сыйлады, Сеземін өмір мені қимады. Сəл ғана демім менің жетіспей, Бір ғана сəт өмір мені қинады . Алла маған жəне өмір сыйлады, Сездім анық достар мені қимады . Кетсем неге, неге өліп кетпедім, Күндерімді азапты өмір қинады. Алла маған үлкен бақыт сыйлады, Қуанышым қойныма еш симады. Қуансам қуанып - ақ кетер ем, Анамның тамшы жасы қимады. Алла маған жаңа өмір сыйлады , Күтіп тұрды өмірдің бар сыйлары. Бір сəт қана жүрегім тоқтаған ед, Тоқтар болса неге ғұмыр сыйлады? Ойлап едім азаптан құтылдым деп, Алып кетті өмірдің ұшқыны кеп. Жанымды алып , қайта салды өзіме, Алланың кереметі осы деп. Жүрегім дүрсілдеп соға бастап, Арғы өмір кете берді мені тастап. Көзімді ашсам бір суық бөлмедемін, Аппақ мата жамылған кеткен ластап. Өліктер ғой, менде де бар аппақ мата, Қорықтым моргта мен де жата. Айғаладым шыдамай қорқыныштан, Терлетті бір сасытып аппақ мата. Бір дәрігер естіпті дауысымды, Емделуге жөн көрді ауысуды . Бүгін міне, тірімін жас сəбидей, Білмеппін жасымды тауысуды. Автор : К. Қайрат

Теги других блогов: поэзия жизнь вера