Белгісіз періште Ең алғашқы сезімім басталды он жетіде Бұған кінә бар ма сүйем, күйем дегеніме? Асау сезімдегі бала едім қайтейін Ащы еді махаббат алайда сол күнімде. Махаббат дәмін жалғыз өзім ұрттап таттым Жалғыз ішкендіктен көтере алмай мас болдым. Ішіп байқамай сезім отына түсіп жандым Өрттеніп күйдім де қанатымнан айрылдым. Соқыр болды екі көзім бала махаббаттан Айналды, ауырды басым сол ащы шараптан. Бейкүнә Мәжнүн болдым есінен адасқан О қыздың есімін сандырақтап қайталаған. Тағдырдың сынағыма, жазғаныма білмедім Тұнжырап жүрдім мен мұңаяып та күлмедім. Жаңа шыққан бәйшешек қызда еді көңілім Ғашықтық қиын екенін сосын барып түсіндім. Таң атып күн батады,күн батып таң атады Тамсана қараймын қос аққуға аспандағы. Күндіз күлкі,түнде жоқ ұйқы көңілсіз едім Күн санап,жүрегім жылап өтті ғой күндерім. Үнсіздеу,ештеңе көрмей соқыр болғанымда Сол дертке шалдығып, қиналып жатқанымда Көмек қолын созды маған белгісіз пенде Жүрегімді емдеп жазды келіп бір періште. Ештеңе көрмей қалған көздерімді ол ашты Іштегі жаман уды сыртқа қарай шығарды. Алау отты сөндіріп, үміт отын тұтатты Жүрегіме керекті сезім гүлін сыйлады. Көздерімді ашқан кезде ол тұрды алдымда Ол тұрды маған қарап, күлімсіреп жымия. Бұл періште әлгі қыздан сонша сұлу еді Еркелеген еліктің лағындай қыз еді. Ажары бар сүйкімді, өте жақсы мінезді Орта бойлы келген қылығы бар әдемі. Шын ұнатып ғашық болды жүрегім бұл қызға. Үміт отым сезім отына ұласқан ба?

Теги других блогов: любовь поэзия тоска